Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Кенжалиқызы Тайгаранова және аға жедел уәкілі Адил Саябекұлы қатысып, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бірінші курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға күнделікті өмірде заң нормаларын сақтаудың, өз құқықтары мен міндеттерін білудің және кез келген жағдайда жауапты шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Департамент өкілдері жастарды өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, заң талаптарын сақтауға және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезінуге шақырды.

Кездесу соңында Департамент өкілдері студенттерді университет қабырғасындағы жаңа өмір кезеңінің басталуымен құттықтап, оқуына табыс, студенттік өміріне сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын бастамалар тіледі.