2026 жылғы 12–13 наурыз аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен Еуразиялық білім беру көрмесіне қатысты. 9–11 сынып оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы ақпан аралығында өткен «EKTU STAR – 2026» бейнероликтер байқауы мен «EKTU таңда – болашағыңды таңда» атты эссе байқауының қорытындысы бойынша Қырғызстанның жеңімпаздарына ШҚТУ-дың 4 білім беру грантының сертификаты табысталды. Сондай-ақ жеңімпаздардың ата-аналары мен мектеп директорларына ШҚТУ ректорының алғыс хаттары берілді.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рапиль Сейтханович Жошыбаев және бірінші хатшы Қазыбек Алкенович Жүсіпахметов қатысты.