Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың қазақ, орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, «Абай» клубының жетекшісі Алия Бакиева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтері, ЖОО және колледж оқытушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік магистрі» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Білім және ғылым жолындағы жеткен жетістіктері үшін «Қазақстанның үздік магистрі» атты төсбелгімен марапатталып, куәлік берілді.
ШҚТУ оқытушысы «Қазақстанның үздік магистрі» атанды
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚