2023 жылдың 26 қаңтарында «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернатында» 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен кәсіби бағдар беру аясында ерекше форматтағы бірнеше іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларды өткізуге осы лицей қабырғасында білім алған, қазіргі уақытта Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да қызмет ететін оқытушылар мен 2002 жылғы түлектер ат салысты.

Әр сыныптың қызығушылықтарына қарай іс-шаралар ұйымдастырылды.

7-8 сыныптар арасында «Қызықты математика» зияткерлік ойынын Базалық инженерлік дайындық факультетінің аға оқытушысы, 1998 жылдың түлегі Омариева Динара Ақылбекқызы өткізді.

9-10 сынып оқушылары үшін лицейдің 2002 жылғы түлектері

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің қауымдастырылған профессоры, Суйеубаева Салтанат Нұрболсынқызы және Абай атындағы ШҚГК директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Слямова Эльмира Серікқызы «Өз уақытыңды тиімді пайдалана аласың ба?» тақырыбында іскерлік ойын форматында тренинг ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты: алдағы емтихандар кезеңінде оқушылардың уақытты басқару дағдыларын қалыптастыру және оны күнделікті іс-әрекетте тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. Іскерлік ойын уақытты басқару дағдысын барынша жедел пысықтауға арналған. Тренинг барысында оқушылар уақытты қабылдаудың жеке ерекшеліктері туралы біліп, «Time-менеджмент» жүйесімен, жұмыс процестерін оңтайландыру әдістерімен танысып және уақыттың «жұтқыштарымен» күресуді үйренді. Ойын барысында олар нәтижесі жаңа дағдыға ие болу және оны күнделікті іс-әрекетте тәжірибе жүзінде қолдану механизмін түсіну болып табылатын жасанды түрде жасалған өмірлік жағдайларға тап болды.

11 сынып оқушылары үшін «Foundation» деканы, 1986 жылғы түлек Муслиманова Гүлнара Ерсайынқызы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің аға оқытушысы 1995 жылдың түлегі Сагидолдина Асем Жанахметқызы және

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Мансап орталығының маманы Ахметова Сәуле Айтмұханқызы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың базалық инженерлік даярлық факультетінің аға оқытушысы Омариева Динара Ақылбекқызы оқушыларға инженерлік білім берудің заманауи трендтері, ШҚТУ-да қандай практика базалары бар және қайда жұмысқа орналасуға болатындығы, ҰБТ ұйымдастырудағы және қабылдау комиссиясы жұмысындағы соңғы өзгерістер, инженерлік ғана емес, сонымен қатар экономикалық білім алудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Оқушылар әр спикермен белсенді әңгімелесіп, сұрақтар қойды.

Бұл іс-шаралар «Түлектер Альма-матерге көмектеседі» челленджі аясында ұйымдастырылды. Челлендж әр жылдары лицей қабырғасында білім алған бизнес және кәсіпкерлік мектебінің оқытушыларынан бастау алды. Туған мектебіне құрмет көрсете отырып, кәсіптік бағдар беру тренингтерін ұйымдастырушылар түлектердің болашақ ұрпақтары да өмірде өз орнын тауып, табысты және саналы азамат бола алады деп үміттенеді.