Өздеріңіз білетіндей, жаңа оқу жылының басынан бастап Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында денсаулық және спорт орталығы құрылды, жатақханаларда заманауи спорт жабдықтарымен жабдықталған фитнес залдар ашылды.

Сонымен қатар, университетте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және президенттік көпсайыс бойынша жаттығулар өткізіледі. Денсаулық және спорт орталығының барлық жаттықтырушылары осы спорт түрлері бойынша "Жаттықтырушы" біліктілігіне ие.

1-15 қазан аралығында оқытушылар Орталық Азия және Қазақстан бойынша «Ашық ғылым орталығында» «Фитнес жаттықтырушы» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Біздің денсаулық және спорт орталығына келіңіздер!