2020 жылдың 16 қазанында университетіміздің оқытушылары Сарсембаева Арайлы Алибековна мен Сурова Дарья Сергеевна "Білім берудегі инновациялар: ізденістер мен шешімдер" атты VІІ халықаралық онлайн-конференциясына қатысты. Конференцияны дәстүрлі түрде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырып, өткізеді.
Биылғы жылы конференция онлайн-диалогтық алаң түрінде өтті. Кездесуге қатысушылар уақыт сын-тегеуріндеріне және жаһандық проблемаларға жауап беретін білім берудің жаңа үлгілерін құру жолымен өздерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Біздің университеттің қызметкерлері Open edX платформасында онлайн курстарды әзірлеу және енгізу тәжірибесімен бөлісіп, университеттің осы бағыттағы елеулі жетістіктері туралы әңгімеледі. Өз кезегінде Ресей, Тәжікстан, Қазақстанның жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептеріндегі әріптестерінен: қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу әдістемесінен, білім алушылармен интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастырудан және Тьюторлық әдістемелік сүйемелдеу моделін құрудан бастап Күнделік электрондық журналындағы функционалдық өзгерістерге дейін құнды материал алынды.
Заманауи білім беру курстарын жобалаудың құралдары мен әдістерінің алынған білімі, сөзсіз, өз пәндерінің мазмұнын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Конференция туралы ақпаратпен конференция ұйымдастырушысының сайтында танысуға болады.