Ағымдағы жылдың 20 қазанында жоғарғы IT колледж оқытушысы Жанар Сабиева I курс студенттерімен Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты ашық сынып сағатын өткізді.
Іс-шара бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттырып, ақынның өлеңдері мен әндерін насихаттау мақсатында өткізілді. Ғұламаның туындылары келешек жас ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз дейді ұйымдастырушылар.