CEFR (шетел тілін деңгейінің еуропалық жүйесін) тәжірибесі бойынша әзірленген қазақ тілінен көп деңгейлі даярлық сапасын бағалау үшін " Үш тілділік - табысқа жету формуласы!" жобасы шеңберінде, университетте сабақтар ұйымдастырылып, соңынан КАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырылады
ШҚМТУ ШҚО әкімдігінің Шығыс Қазақстандық лингвистикалық орталығымен бірлесе отырып, 2017 жылы ҚАЗТЕСТ сертификатталған тестілеуден өтуге 6 оқытушы, 2018 жылы 11 оқытушы дайындады. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының мамандары өткізеді.