«Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы-Ректор Сәуле Рахметуллина мен Тяньцзинь кәсіптік институтының президенті Чжэн Циньчунь өзара уағдаластық туралы келісімге қол қойған еді. Аталмыш келісім нәтижесінде «Лу Бань атындағы шеберхана» ашылатыны да жарияланған.

Бүгін, осы шеберхананы ашу жоспары аясында ШҚТУ 15 оқытушысы ҚХР еліне жол тартты. Оқытушылар «аспан асты» елінде бір ай бойы заманауи Қытай технологияларын пайдаланып, автокөлік саласы бойынша жан-жақты біліммен сусындап, біліктіліктерін жетілдірмек.

Алыс сапарға аттанған Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдеріне ұжым атынан сәт сапар, шығармашылық табыс тілейміз!