Ұлт Көшбасшысының кітабын насихаттау шеңберінде университеттің профессорлық оқытушылық құрамына, студенттер мен магистранттарына арнап, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ШҚО ішкі саясат Басқармасымен бірлесе отырып, «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітаптың Тұсаукесерін өткізді.
- Кітап құнды тарихи құжат болып табылады, - деп шараға қатысушылар атап өтті. - Бұл жай ғана авторлық көзқарас емес, тұтас халық тағдырын шешуші адамның көзқарасы.
Естеріңізге сала кетейік, Тұңғыш Президент Кітапханасы мен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша республика университеттеріне 1 данадан қазақ және орыс тілдерінде өтеусіз жіберілді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың кітапханасы бұл кітаптарды алғашқылардың бірі болып сыйға алды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ бапасөз қызметі