2024 жылдың 26 ақпанымен 6 наурыз аралығында «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау», «Тау-кен ісі», «Металлургия», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының 2, 3 және 4 курс білім алушылары мен «Казцинк» ЖШС өкілдерімен сыртқы резервті арнаулы дайындау мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

«Казцинк» ЖШС жас, болашағы зор кадрларға қызығушылық танытады және ол үшін ШҚТУ білім алушыларына университетпен түрлі бірлескен жобаларға - филиалға түсуге, стипендиялық бағдарламаларға, жалақыны ала отырып, жазғы жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуды ұсынады.

«Қазцинк» серіктестіктігін таңдай отырып, білім алушы келесі мүмкіндіктерге ие болады:

  • ең жоғары әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи компанияның бір бөлігі болу;
  • алынған құзыреттерді жетекші металлургиялық кәсіпорындардың бірінде қолдану;
  • кәсіпқойлар тобында жұмыс істеу;
  • кәсібилік пен мансаптық өсуді арттыру;
  • тұрақтылық пен ертеңгі күнге сенімділік кепілдігі бар.

Компания туралы, іріктеу шарттары, артықшылықтары туралы, «Қазцинк» ЖШС филиалында қызметкерлер резервін дайындау туралы ақпаратпен қоса берілген презентацияда танысуға болады.

  Презентация