16 шілдеде, яғни ертең мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.
Құжаттарды қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін медициналық анықтама талап етілмейтіндігін ескертеміз.
Байланыс телефондары:
- 8 7232 510-885;
- 8 747 313 23 75;
- 8 702 435 84 65.
Бұған қоса, сіз www.ektu.kz сайтының виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіне аласыз.
Медициналық анықтама тамыз айында университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни, болашақ студенттердің денсаулық жағдайы туралы анықтама алуына әлі уақыт бар. Пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды қорғау өте маңызды.