Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты;
- шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).
Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш ЖОО-ны көрсете алады.
МАҢЫЗДЫ: Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.