Стэнфорд университетінің Дорр атындағы тұрақты даму мектебінің *(Stanford Doerr School of Sustainability, АҚШ) бастамасымен «Global Sustainability Challenge» халықаралық байқауының 2026–2027 жылдарға арналған екінші маусымы өтеді.
Байқаудың мақсаты: студенттерді жаһандық тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған практикалық жобалар мен инновациялық шешімдер әзірлеуге тарту.
Байқау екі тақырыптық бағыт бойынша өткізіледі:
- «Тұрақты энергетика» (Sustainable Energy) – таза энергияны өндіру, сақтау және таратуға арналған шешімдер;
- «Бейімделу және төзімділік» (Adaptation & Resilience) – су қауіпсіздігі, азық-түлік тұрақтылығы және аптап ыстыққа төзімділік мәселелері.
Қатысушылар: кез келген білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері.
Команда құрамы:1–6 адам. Пәнаралық және халықаралық командалардың қатысуына рұқсат етіледі.
Байқаудың жұмыс тілі: ағылшын тілі.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 22 қарашаға дейін.
Жүлде қоры: 35 000 АҚШ долларынан астам.
Үздік командалар Стэнфорд университетінің EcoGlobal Intensive бағдарламасына шақырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, байқаудың өңірлік финалдарының бірін Қазақстанда өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Студенттерді халықаралық деңгейде өз идеяларын таныстыруға, тәжірибе жинақтауға және тұрақты болашаққа арналған шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
- Тіркелу және толық ақпарат: www.globalsustainabilitychallenge.org
- Байланыс: [email protected] +7 771 055 7941