16 тамызда еліміздің шығыс өңіріне жұмыс сапар барысымен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-іне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов келді. Делегация ЖОО-ның қызметімен танысып, заманауи ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік құрылғылармен жабдықталған «FESTO» және инженерлік бейіндегі «Іргетас» зертханаларын аралады.

Кәрім Мәсімов МЖӘ жүйесін дамыту арқылы мемлекеттік органдар мен өндіріс өкілдерімен өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелерін талқылап,  ШҚО өнеркәсіп кәсіпорындары және ғылыми ұйымдардың ғылыми-зерттеулерді әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Pr_minister_1 Pr_minister_2 Pr_minister_3

ШҚО әкімі Даниал Ахметов және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ректоры Жасұлан Шаймарданов қатысушыларға ШҚО өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдардағы ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің мәселелері туралы  хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен алғаш рет университет ғалымдары мен Шығыс Қазақстан өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекші мамандарымен бірлесіп, он жоба арқылы орындау жұмыстары жоспарланған төрт мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленді.  Олар: «Сирек кездесетін металдарды  пайдалана отырып, жаңа өндірістерді құру үшін «Үлбі Металлургиялық зауыты» АҚ және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ  бірлескен НИОКР дамыту», «Қазмырыш» ЖШС-і үшін жаңа байыту және металлургиялық технологиялар», «Востокцветмет» ЖШС техногендік құрылымдар мен  минералды шикiзатты қайта өңдеу,  сондай-ақ, жаңа тау-кен технологиялары» және «Титан-магний комбинаты» АҚ және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і бірлескен НИОКР дамыту».

Жоба жетекшілері: физика-математика ғылымдарының докторы С.Плотников, PHD докторы Ж.Оңалбаева, техника ғылымдарының докторлары М.Дудкин, Р.Быков, техника ғылымдарының кандидаты Г.Нуршайыкова, PHD докторы А.Жилкашинова  өздерінің жобаларын таныстырды.

Серіктес компания өкілдері: «Қазмырыш» ЖШС металлургия бойынша атқарушы директоры К.Видякин, Stainless-француз компаниясының өкілі М.Захаров, Ресей Академиясы ғылымдары Сібір бөлімі Н.А.Чинакала атындағы тау-кен ісі Институтының директоры А.Кондратенко, «Востокцветмет» ЖШС директоры Е.Боровиков, тантал өндірісінің директоры А.Цораев ҚР экономикасын дамыту үшін жобаның инновациялық құрамдастығы және тәжірибелік маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. 

Аталған жобалар бойынша Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова және инвестициялар және даму бойынша вице-министр Т.Тоқтабаев өз пікірлерімен бөлісті. Олар өнеркәсіп кәсіпорындары мен аймақтағы техникалық университеттер, атқарушы органдар, салалық министрлік бағдарламалары  және ғылыми жобаларды жүзеге асыру және дайындаудауда тығыз қарым-қатынас пен  ынтымақтастыққа негізделген тетігін құру қажет екенін атап өтті.

Талқылауды түйіндей келе, Премьер-Министр ҚР Үкіметі жанындағы VNTK жобаларды қарастыру үшін  ҚР БҒМ тапсырма берді.  – «Бүгін, біз өте маңызды жиналыс өткіздік. Осы жиындағы Сіздердің барлық бағдарламаларыңыз бен жобаларыңыз өте қажетті. Бірде бір жоба назардан тыс қалмайды, - деп, сөзін қорытындылады Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

БИЛІК-БИЗНЕС-УНИВЕРСИТЕТ Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШҚМТУ-І ҮШ СПИРАЛЬДЫ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ!!!