Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасында 2021 жылдан бастап запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ашылды. Биыл сержанттардың оқу-жаттығуы мен қорытынды емтихандарды тапсырғаннан кейінгі алғашқы шығарылымы өтті. Оқуды 61 студент аяқтады.
21 желтоқсан күні университеттің акт залында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері департаменті бастығының "Запастағы кіші сержант" әскери атағын беру туралы бұйрығы шығып, погондарды тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Департамент бастығының бірінші орынбасары – Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаменті штабының бастығы полковник Д. М. Бозбалаев, Өскемен қаласы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ директорының орынбасары Ермек Бейбітұлы Асқаров; әскери кафедра оқытушылары, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери кафедра, ІТ колледж және университет мектептері мен факультеттерінің студенттері қатысты.
Департамент бастығының бірінші орынбасары-Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті штаб бастығы сержанттарды даярлауды жүргізген әскери кафедра оқытушыларына, атап айтқанда запастағы подполковник Б. С. Сәлімжановқа, запастағы подполковник М. Д. Солтанияновқа, запастағы подполковник В. Д. Лобановқа грамоталар табыс етті.
Әскери кафедра түлектерін атақ алуымен құттықтаймыз! Оқуда сәттілік тілей отырып, сенімді және адал Отан қорғаушы боласыз деп үміттенеміз!