Алдын-ала келісімнің шеңберінде ОӘЖ жөніндегі проректор Сәуле Рахметуллина Обуда университетіне жолықты. Ол Alba Regia Technical Faculty факультетінің деканы, профессор Гиорок Гиоргпен және Institute of Manegement and Organization директоры Кастелиа Андреспен кездесті. Тараптар білім беру бағдарламаларын талқылап, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі арқылы алдағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды.

Айта кету керек, Обуда университеті (Венгрия) - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұзақ мерзімді серіктесі. Аталмыш университеттің профессорларының қатысуымен "Автоматтандыру және басқару" және "Ақпараттық жүйелер" салаларында білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілуде.

Өз кезегінде біздің университетте 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Обуда университетімен бірлесе отырып, екі инновациялық білім беру бағдарламасын іске қосты: Ұшұышсыз роботтандырылған жүйелер және Тіршілікті қамтамасыз етудің интеллектуалды жүйелері.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі