Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ға қарасты «Мансап орталығы» кәсіптік бағдарлау жұмысы бөлімі абитуриенттермен жұмыс жасау маусымын ашты.

ШҚО білім беру басқармасымен бірлесе отырып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Стенд-моб» мобильді топтары жоғары техникалық білім беру жүйесінің сұранысқа ие мамандықтары бойынша мамандарды даярлау мақсатымен студенттерді қабылдау үшін Шығыс Қазақстан облысының 15 ауданы мен 26 ауылдық округіне сапар шегеді.

Кәсіби бағдарлау жұмыстары диалогтік платформа форматында «квест-ойындар», «шеберлік сабақтары», ШҚО мектептері мен колледждері түлектерімен ашық іс-шаралар өткізу көмегімен жүргізіледі.

«Стенд-моб» акциясы 6 қарашада Зырян қ.-Улкен-Нарым-Катон-Қарағай бағытында басталды. Нәтижесінде, бітірушілерге өздеріне ұнамды мамандықты таңдау жөнінде, сондай-ақ ШҚМТУ-дың сұранысқа ие мамандықтары бойынша толық ақпарат берілді.

Кәсіптік бағдар беру бөлімі