18-21 сәуір аралығында кәсіби бағдарлау жұмысы бөлімі жоғары техникалық колледжмен бірлесіп Семей қаласында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге 550-ге жуық адам қатысты.
ШҚМТУ өкілдері Семей қаласының білім басқармасының көмегімен бірқатар кең ауқымды кәсіби бағдарлау іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, «Семей қаласының №4 гимназиясы» КММ базасында 15 мектеп түлектерінің кездесуі өтті. Сондай-ақ «№1 орта мектебі» КММ базасында 5 мектептің түлектерімен кездесуі өтті. Осы іс-шаралардан басқа, университеттің өкілдері қаланың алты мектебінде болды.
Оқушыларға университет туралы, оның тарихы, техникалық және кәсіптік білім беру перспективалары, инновациялық білім беру бағдарламалары, гранттар және университетке түсу ережелері туралы айтылды.
Айта кету керек, талапкерлер біздің университетке қызығушылық танытты.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі