Қараша айында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар облыс орталығында тұратын 14-29 жас аралығындағы жастарды ынталандыру және ерекше еңбегін бағалау үшін «Алау-2021» сыйлығына конкурс жариялады.

Сыйлық тоғыз номинация бойынша берілді. Биылғы жылы «Үздік жас ғалым» атағын Д.Серікбаев атында ШҚТУ базалық инженерлік дайындық факультеті, физика кафедрасының PhD докторы Дидар Ескермесов жеңіп алды.

Құттықтаймыз!