Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жүргізіліп жатқан кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында университет ректоры Рахметуллина Сәуле Жадігерқызы академиялық қызмет жөніндегі проректор Машекенова А.Х. бірге Түркістан қаласына іссапармен барды.

Сапар барысында Сауле Жадыгерқызы жергілікті телеарнаның «Жаңа толқын» атты тікелей эфиріне қатысып, Түркістан облысының талапкерлері мен ата-аналарына университетіміздегі инженерлік мамандықтар бойынша оқу шарттары мен білім беру гранттарын алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, ректор «Серпін-2025» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы жан-жақты таныстырды.

Жыл сайын Түркістан облысынан 100-ден астам талапкер ШҚТУ-ға мемлекеттік білім гранты бойынша қабылданып, «Серпін» бағдарламасы аясында оқуға мүмкіндік алуда. Университет басшысы атап өткендей, оңтүстік өңірлерден келген студенттерге әлеуметтік және экономикалық қолдау көрсетіліп, жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Біздің университетте білім алу арқылы талапкерлер еліміздің шығыс аймағы мен бүкіл республика бойынша жетекші салаларда еңбек ететін болашақ инженерлерге айналу мүмкіндігіне ие болады.

Біз оңтүстік өңірлерден келетін талапкерлерді – болашақ студенттерді асыға күтеміз!

Өз болашағыңды ШҚТУ-СДИ-мен бірге таңда!

Сенімді дамуға инвестиция!