Сіз 9 немесе 11-сыныпты бітіріп жатырсыз ба, әлде колледж студенті немесе түлегісіз бе, мүмкін университеттің 1,2,3-курсында оқып жатқан шығарсыз? Олай болса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Murager білім беру гранттарының бағдарламасына назар аударыңыз.

Конкурстық іріктеуден өткеннен кейін сіз Қазақстанның техникалық колледждеріне немесе жоғары оқу орындарында оқу үшін тегін білім беру грантын ала аласыз.

Murager бағдарламасы-техникалық мамандықтар бойынша сапалы білім алу мүмкіндіктерінің бірі. Бұл жоба Қазатомөнеркәсіптің қатысатын өңірлерін дамытуға үлес қосуға бағытталған. Бірінші жылы фокус Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарына бағытталады, алдағы уақытта қатысушылардың географиясын кеңейту жоспарлануда.

Бағдарлама және қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат http://murager.kazatomprom.kz сайтында, сондай-ақ бағдарламаның Instagram әлеуметтік желісіндегі @muragerprogram парақшасында берілген.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 11 тамызға дейін http://murager.kazatomprom.kz сайтында жүзеге асырылады.

Жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашыңыз!Конкурстық іріктеуге қатысыңыз!