Павлодар қаласында 2022 жылғы 2-8 наурыз аралығында волейболдан аймақтық студенттер лигасының II - туры өтті. Оған Шығыс дивизионының барлық жоғары оқу орындары қатысты. Шығыс дивизионына Өскемен, Павлодар және Семей қалаларының барлық жоғары оқу орындары кіреді.

Ерлер командалары арасында І орынды Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ құрамасы иеленді, ал қыздар арасында ІІІ орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, бұл турда үздік ойыншы ретінде ШҚТУ студенті Ақжан Берікұлы танылды.

Шығыс дивизионының аймақтық ойындарының жеңімпаздары ШҚТУ базасында өтетін ҚР Студенттік спорт лигасының финалына шықты. 10-17 сәуір аралығында қыздар арасында, 17-24 сәуір аралығында ұлдар арасында ойындар өтеді.

ШҚТУ командаларына сәттілік тілейміз!