Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп, колледж директорлары орынбасарларының қатысуымен «Бірге біз күштіміз» тақырыбында онлайн вебинар өтті.
Аталған шараға оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева, кәсіптік білім беру орталығы директорының орынбасары Лазат Кездікбаева және мектеп декандары мен декандардың орынбасарлары қатысты.
Вебинар барысында проректор Жадыра Қоңырбаева академиялық ұтқырлық, бітірушілерді жұмысқа орналастыру, әлеуметтік серіктестер мен жалпы студенттік өмір туралы сөз қозғады. Жиын соңында облысытың 9 колледжіне өзара ынтымақтастық пен атқарылған нәтижелі жұмыс үшін алғыс хаттар табысталды. Қорытындылай келе ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, апта бойы колледж студенттерімен онлайн- кездесулер өткізіліп, ШҚТУ жайында ақпарат беріліп жатыр.