Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында «Адалдық сағаты» бірыңғай жалпыреспубликалық аясында «Сенім. Әділдік. Парасаттылық» тақырыбында дәріс өтті.

Кездесуде Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшының міндетін уақытша атқарушы Башев Талғат Мамырбекұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Бейсембаев Архат Абжатұлы дәріс оқыды. Атаулы іс-шарада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Комплаенс қызметінің Комплаенс офицері Мықтыбаев Қуаныш Әзімжанұлы модераторлық етті.  

Дәрістің мақсаты, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға бағыт-бағдар беру, болашақ жас мамандарды адалдыққа, парасаттылыққа шақыру.

Қуаныш Әзімжанұлы, университетіміздің оқу процесінде академиялық адалдық пен парасаттылықты сақтаудың маңыздылығын айта келе, оқу бағдарламасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері,  Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пәндерінің оқытылатындығын сөзге тиек етті.

Кездесу соңында ШҚТУ студенттері арасынан 10 студент «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі атанды.

Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.

ФОТО...