2024 жылы «Әлеуметтік цифрлық зерттеулер» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы беделді шетелдік ғалымдармен жиі кездесетін орынға айналды. 9 тамызда оған Хоккайдо университетінің Славян-Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры Томохико Уяма (Саппаро, Жапония) келді. Естеріңізге сала кетейік, Ресейді, Кавказды, Орталық Еуропа мен Орталық Азияны зерттеу орталығы және Жоғары әлеуметтік зерттеулер мектебі (Обервилье, Франция) директорының орынбасары Марк Элидің сапарына бір айдан аз уақыт өттсе, ал сәуір айында университетімізде Торонто университетінің (Канада) саясаттану профессоры Эдвард Шацтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мұндай байланыс заманауи ғылыми дамудың қажетті элементі болып табылады, ал халықаралық байланыстардың кеңдігі біздің орталықтың жоғары кәсіби деңгейін мойындаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әртүрлі нысандардағы ғылыми-зерттеу, жобалау және білім беру қызметінде ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда.
ХЗО «DSR»