Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ERAZMUS + Competition V (2019) бағдарламасы аясында 610198-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP «Өтпелі экономикалы елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару бойынша магистрлік бағдарламасын әзірлеу (MIETC) жобасын жүзеге асырады.
Бұл жоба аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін талдап, Орталық Азия университеттерінің қазіргі оқыту мүмкіндіктерін ескере отырып, сонымен қатар жеке аймақтық өнеркәсіптік компаниялар мен мемлекеттік органдарды тарту арқылы магистрлік бағдарламаны, оқу жоспарларын және оқыту мазмұнын әзірлейді. Нәтижесінде жоба университеттердің интернационалдануына және өндірістік аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосады.
2021 жылы 9 ақпанда Erasmus + MIETC жобасының Басқармасы мен Академиялық кеңесі жиналыс өткізді. Онда келесі сұрақтар қарастырылып талқыланды:
- Қаржылық және әкімшілік мәселелер
- Сапа жоспары
- Магистратураның оқу жоспарының құрылымына ұсыныс
- Қазақстандағы, Түркіменстандағы және Тәжікстандағы аккредиттеу процесі туралы презентациялар
- Ағылшын тілін оқыту бағдарламасындағы өзгерістер
Әр елден келген жұмыс топтары өз елдеріндегі аккредиттеу үдерісін, соның ішінде курстың мазмұны, жүктеме және т.б. туралы ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар консорциум мүшелері оқу жоспары мен оқыту курстарын талқылады.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университеті ағылшын тілі стратегиясының жаңартылған нұсқасын ұсынды.