2018 жылы 30 мамырда «Казцинк» ЖШС-де 5В070900-Металлургия мамандығы бойынша білім алатын түлектердің диплом жобасын қорғауы сәтті өтті. Диплом жобалары университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Казцинк» ЖШС мамандарының жетекшілік етуімен «Казцинк» ЖШС-дегі «Түрлі түсті және сирек кездесетін металлдар» кафедрасы филиалының базасында әзірленді.

Диплом жобаларын қорғау кезінде мыс зауытының директоры Д.С.Тилиляев, қызметкерлермен жұмыс қызметінің басшысы Е.Я.Калацынская, мырыш өндірісі цехтарының басшылары Р.С.Сагдолданов, Э.Б.Бауржанов, мыс зауыты цехының басшысы Е.В.Кизаметдинов, цех технологтары, білім деру мекемесімен жұмыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Е.А.Баева, сонымен қатар, «Казцинк» ЖШС-ның білім беруді басқару және қызметкерлерді дамыту мамандары.

«Казцинк» ЖШС-дегі «Түрлі түсті және сирек кездесетін металлдар» кафедрасы филиалында білім алып, диплом жобасын қорғағаннан кейін 5В070900-Металлургия мамандығындағы түлектер бірден тиісті өндіріс орындарына қызметке орналастырылатын болады.

«Казцинк» ЖШС-ның кафедра филиалы 2011 жылы ашылып, күні бүгінге дейін университетпен бірге тиімді әрі дамылсыз жұмыс жасап келеді. 2-курста студенттер арасында іріктеу жүргізіліп, 3-курстан бастап олар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен қатар, тікелей өндіріс орнында да білім алады. «Казцинк» ЖШС-де білім алушыларға қосымша стипендия тағайындалған.

Ендігі ретте, металлург-түлектерімізге кәсіби қызметтерінде ары қарайғы лауазымдары жоғарылауына тілектестік білдіреміз!!!

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі