Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні мемлекет Басшысы Қ.Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы өткені белгілі. Осыған орай, жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру мақсатында, 8 қыркүйек күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, диалог алаңын өткізді. Іс-шараға 21 ЭЛК-1, 21 ЗКК-1 және Жоғары ІТ колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Орталық мамандары Жолдаудың негізгі бағыттары мен реформалары жөнінде таныстырып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Кездесуді Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы және Жоғары ІТ колледжі ұйымдастырды.