Ағымдағы жылдың 13 желтоқсаны күні Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің тапсырмасымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері арасында елдегі саяси өзгерістер мен соңғы конституциялық реформалардың ережесі түсіндіріліп, Қазақстандағы президент инстиутының негізгі бағыттары, оның дамуы мен маңызды аспектілері бойынша студент жастар арасында тақырыптық дәріс өткізілді.
Дәрісті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айдарбаева Раушан Кайсановна жүргізді.
Тақырыпқа қатысты туындаған сұрақтарға студенттер спикер тарапынан толыққанды жауап ала алды.