Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде сайлау науқаны қызу жүруде. Демалыс күнінің ыңғайына орай, университет ұжымы таң сәріден сайлауға келіп, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасады.

ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлауға алты үміткер қатысады. Орталық сайлау комиссиясы 21 қазан күні үміткерлердің соңғы тізімін жариялаған болатын. Шешуші күнде әрбір қазақстандықтардың дауысы маңызды.

Биылғы сайлаудың ерекшелігі - заңнама бойынша президент бір рет, жеті жылға сайланатын болады.

Президент сайлауы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін елеулі, тарихи сәт. Болашақ ұрпақтың тағдыры мен таңдауы үшін маңызы зор.

Бүгін Грохотов Назар бірінші рет дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады. Бірінші рет дауыс беруге қатысқанына орай №74 сайлау учаскінен сыйлық алды.