Бүгін орыс тілінің Халықаралық күні. Бұл мерекені БҰҰ-ның қоғаммен байланыс департаменті бекіткен. БҰҰ-ның мәліметі бойынша әлемнің 250 миллион тұрғыны орыс тілін біледі.
Бұл күн орыс тілі үшін аса маңызды. 6 маусымда Александр Сергеевич Пушкин дүниеге келген. Замануи орыс тілінің пайда болуы да соның еңбегі деген ұғым бар. Пушкин - көпшілік сүйіп оқитын қаламгер. Сондықтан, ақынның туған күнін орыс тілі Күні деп белгілеу туралы шешім қабылданған.