Астана күніне орай жастар ісі жөніндегі Комитеті және студенттік шығармашылық бөлімі ұйымдастыруымен университет студенттердің арасында «Астана - арман қала» интелектуалды викторинасы өткізілді.

Іс-шараның басында өз құттықтау сөздерін студенттік шығармашылық бөлімінің бастығы Арайлым Құмарханова және жастар ісі жөніндегі Комитетінің төрағасы Самат Байгереев айтты. Өз сөздерінде іс-шара ұйымдастырушылары Астана күні мерекесінің тарихи-мәдениет маңыздылығын атап кетті.

Викторина 2 тур бойынша өткізілді: «Разминка» және «Негізгі тур». «Разминка» кезеңінде студенттер Астана қаласының физикалық-географиялық және қала тұрғындары туралы 15 сұрақтарға жауап берді.

«Негізгі тур» кезеңінде викторина қатысушылары келесі бағыттарға сәйкес өз білімдерін көрсетті: қала тарихы, қаланың көрнекті жерлері, Астана университеттері және Астана туралы әндер.

IMG_8384

Викторина аяғында сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Ең көп ұпайлар санын жинап, I дәрежелі дипломның иегері ретінде инженерия факульетінің 15-ГМК-1 тобы студенті Нұрболат Мүсірепбек атанды. Екінші орын ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 15-ВТК-2 тобы студенті Ақбота Қалибекке берілді. Үшінші орын - ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 15-ВТК-2 тобы студенті Еркегүл Нурболға берілді.

IMG_8390 IMG_8394 IMG_8404 IMG_8406

Викторина қатысушыларының барлығы жоғары білімді көрсетті. Осы жағдай университет студенттерінің отаншылдық сезімі жоғары деңгейде екенін дәлелдеді!