Жас ғалымдардың «Жасанды интеллект және инновациялар: болашақтың жаңа сын-қатерлері мен инженерлік шешімдері» атты XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы аясында «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі» секциясының отырысы өтті.
Конференция жоғары ғылыми деңгейде өтіп, білім алушылар мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл жасанды интеллекттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Баяндамашылар өз тақырыптарын терең меңгергенін көрсетіп, қойылған барлық сұрақтарға кәсіби деңгейде жауап берді.
Секция жұмысының нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
- І дәрежелі диплом: Ғазизов Нұрболат, Шығыс Қазақстан өнер музейінің маркетинг бөлімінің меңгерушісі;
- ІІ дәрежелі диплом: Н.А. Мұратова және А.Қ. Нұрислам (23-МКК-1 тобының студенттері);
- ІІІ дәрежелі диплом: Жарқынбаева Д.М (24-ИСК-1 тобы) және М.Х. Масадык пен А.Т. Калжанова (24-ЗКК-3 тобы).
Жиын барысында барлығы 7 баяндама тыңдалды. Университет материалдарында «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп дайындалған 10 ғылыми мақала жарияланды.
Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта жаңа белестер мен ғылыми табыстар тілейміз!