3 наурызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің делегациясы Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетімен (ASOIU) танысты. Кездесу барысында ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина мен ASOIU ректоры Руфат Азизов университеттер арасындағы ынтымақтастықтың болашақ даму мұмкіндіктерін талқылады. Келіссөзге сондай-ақ екі тараптың факультет өкілдері мен әкімшілік департаменттерінің өкілдері қатысты.
Сапар барысында ШҚТУ делегациясы ASOIU ғылыми-зерттеу базасымен танысты, университеттің мамандандырылған зертханаларын, оқу орталықтарын және мұражайларын аралады. Университеттің қазіргі заманғы ғылыми зерттеу кешендерімен жабдықталған әсерлі инфрақұрылымы мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика және инженерлік технологиялар саласында мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін көрсетеді.
Келіссөздер академиялық және ғылыми серіктестікті дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлық бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық зерттеу жобаларына қатысуға бағытталды. Тараптар ынтымақтастықты кеңейтіп, студенттер мен оқытушылардың білім алу және кәсіби өсуі үшін жаңа жолдарын іске асыруға мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға мүдделіліктерін білдірді.
ШҚТУ өкілдері ASOIU басшылығына қонақжайлылық пен сапар бағдарламасын жоғары деңгейде ұйымдастырғанына алғысын білдіріп, университеттер арасындағы тәжірибе мен білім алмасудың инженерлік білім мен ғылымды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.