2023 жылғы 2024 қараша аралығында кестеге сәйкес ЖОО да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын бітіруші курс студенттерінің университеттің мансап орталығының қызметкерлерімен кездесулері өтті.

"Серпін" бағдарламасы, мемлекеттік білім беру гранты басқа мамандықтар және ауылдық квота санаттары бойынша бітіру курсының білім алушылары үшін «міндетті үш жылдық жұмыспен өтеу" туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Қаржы орталығы" АҚ-ға берілуі тиіс құжаттар туралы ақпарат және қандай жағдайда жас мамандар толық міндетті өтеуден босатылатыны туралы толық ақпарат берілді.

Кездесу барысында түлектер белсенді қатысып, сұрақтар қойды, атап айтқанда:

  1. егер мен басқа елдің азаматы болсам, бірақ грант бойынша оқитын болсам, мен жұмыс істеуге міндеттімін?
    - Егер оқуға түсу кезінде сізде басқа елдің азаматтығы болса, онда сіз жұмыс істемейсіз, өтемейсіз.
  2. егер мен әскерге кетсем, не істеуім керек?
    - Егер әскери қызметін өтеуге шақырылса, ШҚТУ мансап орталығына (әскерге шақыру туралы анықтаманы) тапсыру қажет.
  3. егер мен ҚР-дан тыс жерге барсам?
    - Мұндай жағдайда сіздің оқуыңызға жұмсалған қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару қажет.
  4. егер мен 1 топтағы мүгедек болсам?
    - Егер сіз 1-топтағы мүгедек болсаңыз, университетке растайтын құжатты (мүгедектік туралы ДКК анықтамасы) тапсыру қажет.
  5. егер мен Ресей Федерациясының магистратурасына немесе Германияға түссем?
    - Бұл жағдайда сіз жұмыстан босатыласыз, бірақ университетке оқу орнынан анықтама // магистратурада оқығаныңыз туралы растау тапсыру қажет.
    Егер анықтама шет тілінде болса, оны орыс тіліне аударып, нотариалды куәландырып, университеттің мансап орталығына тапсыру керек.
  6. егер менің балам болса, ол 2 жаста, бұл жағдайда қалай?
    - Егер бала болса, сіз заң бойынша босатыласыз, бірақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін университетке тапсыру қажет.