Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұстаздары кураторлық сағат барысында конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кураторлық сағаттар офлайн және онлайн форматта жүргізіледі. Студенттер еліміздің саяси жүйесіндегі негізгі заңнамалық өзгерістер туралы толыққанды ақпарат алып, құрылатын демократиялық институттар туралы ақпараттарға қанықты. Кураторлар референдум бойынша құрылған өңірлік қоғамдық штабтардан, ресми дереккөздерден алынған видеоматериалдар мен ақпараттарды пайдалануда.

Құрметті студенттер! Азаматтық ұстаным танытып, келе жатқан референдумге белсенді қатысуға шақырамыз!