Бүгін Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов ZOOM-да онлайн-конференция өткізді. 500-ден астам студент пен оқытушы қатысты.
Күн тәртібінде алдағы көктемгі семестр туралы баршаны толғандыратын сұрақтар болды.
Сонымен, оқу процесі 26 қаңтардан бастап аралас оқыту форматында басталады. Дәрістер Online режимінде, практикалық және зертханалық сабақтар-Offline өтеді. Жатақханаға орналасу 20-шы қаңтардан басталады. Қоныстандыру алдында медициналық орталықтағы біздің фельдшерде міндетті медициналық тексеру көзделді. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар белгілері бар студенттер сабаққа жіберілмейді.
Ескерту! Вакцинацияның толық циклін аяқтаған және сол сәттен бастап жарты жылдан астам уақыт өткен студенттер ревакцинациядан өте алады. Университет корпустары мен жатақханаларына кіру ШҚТУ өткізу жүйесімен біріктірілген «Ashyq» қосымшасы арқылы жүргізіледі.