ШҚМТУ «Мансап» орталығының жұмыспен қамту секторы «АТАМЕКЕН» ШҚО Кәсіпкерлер Палатасына жолықты.
«Адам капиталын дамыту» орталығының директоры Диляра Калиева университет өкілдері алдында сөз сөйледі.
Кездесу барысында «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері, сондай-ақ «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының университет түлектерін аймақ кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруға демеушілік етуі сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде ШҚМТУ өкілдері ары қарай жалғасын табатын серіктестік жайында өз тұжырымдарын жеткізді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі