28 наурызда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Ақпараттық жүйелер және компьютерлік моделдеу» кафедрасымен информатика пәні бойынша жоғарғы 10-11 сынып оқушылары арасында «Объектілі - бағытталған бағдарламалау және офистік технологиялар» олимпиадасы өткізілді.

Итоги олимпиады Итоги олимпиады Итоги олимпиады

Байқау екі конкурс форматында өткізілді:

  • Бағдарламалау. Пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалау тілдері: Pascal - FreePascal 2.6 компиляторы немесе жоғары (http://freepascal.org), C/C++/C++11 - 4.8. нұсқалы MinGW GCC/G++ компиляторы немесе жоғары (http://mingw.org).
  • Тестілеу. (MS Excel, MS Word, MS PowerPoint) офистік технологиялары бойынша теориялық білімдерін тексеру. Пәндік олимпиада.

Олимпиадаға қаланың 5 мектебінің оқушылары қатысты: КММ «№27 орта мектебі», КММ «№1 орта мектебі», КММ «№45 орта мектебі», КММ «№10 мектеп-гимназиясы», КММ «№11 мектеп-лицейі». 

Барлық қатысушылар жоғары IT-компитенция деңгейін көрсетті.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

№ п.п Аты-жөні Мектеп Сынып Орын
1 Даниленко Сергей Олегович Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№11 мектеп-лицейі» 11«М» 1
2 Кагарманов Максим Александрович Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№11 мектеп-лицейі» 11«М» 2
3 Бойко Иван Игоревич Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№10 мектеп-гимназиясы» 11 2
4 Чанова Карина Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№27 орта мектебі» 11«А» 3
5 Сыпачев Андрей Константинович Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№10 мектеп-гимназиясы» 10 3
6 Алпысов Асер Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№1 орта мектебі» 11 3