Бүгін, 23 қараша күні, ҚР Тұнғыш Президенті Күні мен ШҚМТУ-нің 60-жылдық мерейтойына арналған, «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша Олимпиаданың 1 туры өтті. Олимпиадаға университетіміздің 1 курста оқитын 163 студенті қатысты. Студенттер еліміздің ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қамтитын тарихы бойынша тест сұрақтарына жауап берді.

Командалық есепте 1 орынға Инженерия факультеті, 2 орынға – Жер туралы ғылымдар факультеті, 3 орынға – Ақпараттық технологиялар мектебі ие болды.

Олимпиаданың 2 турына ең жоғары ұпайларды жинаған студенттер қатысады. 2 тур - шығармашылық  тапсырма бойынша келесі аптада өткізіледі.

Олимпиада ұйымдастырушылары  – Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы.