Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері мен студенттерінің күшімен Риддер қаласында өрттен зардап шеккендерге азық-түлік тауарлары, сабын-жуғыш құралдары, киім-кешектер және тұрмыстық техника жинақталды. Бұдан басқа, «Бірлік» Риддер кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ресми шотына ЖОО қызметкерлерінің бір күндік жалақысы аударылатын болады.
Қазіргі уақытта ШҚТУ өкілдері жиналған заттарды адресаттарға жеткізу үшін Риддер қаласына жолға шықты.