Ақпараттық технологиялар мектебі математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 1-2 курс студенттері үшін өткен апта «Рухани апта» болды. Себебі мұражайдан көрмені, театрдан қойылымды тамашалады.
Мұражайда суретші Мағауия Аманжоловтың 70 жылдығына орай «Көкжиексіз» атты жеке мерейтойлық көрмесі және Павлодар қаласының киелі жерлер картиналарын тамашалау үшін Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында болып қайтты.
Көрермендер назарына М. Аманжоловтың «Таң», «Күйзеліс», «Уақыт талабы», «Олжас Сүлейменовтің портреті» т.с.с. әр түрлі сюжеттегі барлығы 24 картина ұсынылған. Суретшінің туындылары тақырыбы әлі күнге дейін өзекті, қазіргі заманның көкейтесті мәселелерімен байланыстырылған. Ол ұлттық тарихымыздың кезеңдерін құрастырып, уақыт пен кеңістік арқылы оқиғаларды жіппен тізгендей өз замандастарын, өзін, өзіне жақын адамдарды «Көкжиексіз» бейнелеген.
Павлодар қаласындағы аңыз болып қалған жерлерді суретшілер жыр қылып, сол дәуірден сыр шерткен әрбір киелі жерлерді картиналар арқылы сөйлетті. Сирек және тарихи суреттер құнын ешқашан жоймайды. Өйткені бұл тарихи суреттер, әрбір адамзатқа рухани күш беріп, келешекке сенімді қадам басуына себепкер.
6 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымының «Қожанасыр тірі екен» комедиясын тамашаладық. Қойылым арқылы бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі ашып көрсетті. Қожанасыр оқиғалары арқылы, күлдіре отырып, бүгінгі күннің бүкпесіз өмірінен әр адамға ой салуға шақырады.
Топ кураторы 18-МКК-1 (Оспанова Н.М ), 18-МКК-2 (Мухамедова Р.О)