«Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі - тіл.»
Н.Ә.Назарбаев

 

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Руханият» ғылыми-практикалық орталығы білім беру бағдарламалары бойынша келесі курстарды ұсынады:

  • Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту курсы
  • Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу
  • Офистік және құжаттамалық жұмыстардың негіздері
  • Аудару теориясы мен техникасы 
  • Орыс тілі 

 

Орталықтың жұмыс бағыты:

  • Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, іс-тәжірибелік қажеттілігін арттыру мақсатында тәжірибеге дәстүрден тыс әдістемелерді енгізу;
  • Ресми қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, теориялық білімді практикада қолдану, құжат түрлерін құрастыра білуге, оны күнделікті өмірде еркін пайдалануға үйрету;
  • Жастардың шығармашылық дарынын шыңдайтын іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Ауызша сөйлеуге оқыту - бастапқы және жалғастырушы деңгейлері бойынша; 
  • Қазақ, орыс тілдері пәнінен ағымдағы емтихандарды тапсыру үшін қазақ, орыс тілдерінен білімдері жеткіліксіз студенттерге,магистранттарға, докторанттарға арналған түзету курстары;
  • «Кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы» қосымша мамандығына түсу емтихандарына дайындық.

 

Тәжірибелі оқытушылар, оқытудың коммуникативті әдістері, қолжетімді оқыту материалдары, ыңғайлы кесте. Курсты бітіргенннен кейін сертификат беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша Қазақ және орыс тілдері кафедрасына хабарласыңыз:
Г-2-320 кабинет, тел 540-392