1 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері, оның ішінде ректор Сауле Рахметуллина, проректорлар, декандар және білім беру бағдарламаларының басшылары Өскемен қаласы мектептеріндегі Білім күніне арналған салтанатты жиындарға қатысты.
Университет басшылығы оқушыларды, ата-аналар қауымы мен мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқу барысында табыс, шығармашылық жетістіктер және жаңа білімдерге ұмтылуда шабыт тіледі. Өзінің құттықтау сөзінде Сауле Рахметуллина білімнің жастар болашағы үшін маңыздылығын атап, ШҚТУ әрқашан талантты және мақсатты айқын қоя алатын студенттер үшін ашық екенін айтты.
Сөз соңында ШҚТУ өкілдері бүгінгі оқушылардың көпшілігі болашақта университеттің үлкен және тату отбасының мүшесі бола алатынына сенім білдіріп, оларды ашық есік күндері мен университет ұйымдастыратын басқа да іс-шараларға қатысуға шақырды.