Құрметті студенттер, ата-аналар мен оқытушылар! Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні - ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Қазіргі буын, әсіресе жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Себебі, тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді.

Мұндай жарқын мереке әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық әкелсін!

Басқарма төрағасы-ректор,профессор
Жасұлан Шаймарданов