Мерекелеу күні – 12 сәуір деп бекітілуі бекер емес. Дәл осы күні ғалым-геолог, қазақ академигі әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлтымыздың ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түсуде.

Бүгін ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн. Құрметті әріптестер! Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!