Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Егемен еліміздің отын сөндірмей, қызметте айтулы үлес қосып, Отанымыздың өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңіз баға жетпес! Сіздердің білім алу жүйесіне қосып жатқан тыңғылықты еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін.

Халқымызда «Ер - елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Керемет күннің қарсаңында сіздерге әр бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, игі істеріңізге табыс тілеймін!

Ел - аман, жұрт - тыныш, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз түгел болсын! Мереке құтты болсын!

Басқарма Төрағасы-ректор
Сәуле Рахметуллина