Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қызметкерлер мен студенттер университеттің нәзік те ержүрек аруларын мейраммен құттықтады.

Таңертеңнен бастап университет жігіттері қызметкерлер мен студенттерді ШҚТУ фойесінде гүлдер, тәтті сыйлықтар мен QR-коды бар бейне құттықтаулармен қарсы алды. Сондай-ақ, нәзік жанды ханымдарды көктемнің алғашқы мерекесімен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеролик арқылы құттықтады.

Кейін интерактивті концерт, ШҚТУ қызметкерлері мен студенттерінің бейне құттықтаулары, сондай-ақ интеллектуалды ойын викторинасынан құралған мерекелік бағдарлама керемет көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы "Шығыс інжу - маржаны" байқауының түрлі номинацияларында жеңіске жеткен ШҚТУ қызметкерлерін марапаттады. Олардың қатарында мынадай номинациялар бар: "Рух күші" номинациясында - Потапова Надежда Анатольевна, "Даналық пен мейірімділік" номинациясында - Ибраимова Алгиза Дюсембиновна, "Белсенді өмірлік ұстанымдағы адам" номинациясында - Уколова Наталья Федоровна, "Рухани күш" номинациясында - Можевикина Мария Викторовна, ал "Леди-босс" номинациясы - Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы.

Зияткерлік ойын викторинасына ШҚТУ-дың 100 қызметкері қатысты. Он командаға бөлініп, барлық мектептердің, бөлімшелердің, колледждің өкілдері, сондай-ақ университет ардагерлері түрлі тапсырмалар мен сұрақтар шешімін тауып, сайысты. Әдебиет және өнер, кино өнері, поп-мәдениет және музыка тақырыптары қозғалды. Табанды күрестің қорытындысы бойынша ШҚТУ әйелдер зияткерлік байқауының гран-приін "ШҚТУ ұшқыны" командасы жеңіп алды, оның құрамында Халықаралық инженирия мектебі және ШҚТУ редакциялық-баспа орталығы өкілдері бар.