Құрметті профессорлық-оқытушы құрам, әріптестер, студенттер және серіктестер!

Астана күні құтты болсын! Тәуелсіздігімен іргелес қарыштап, заңғар бойын аспандата түскен Астана қаласының күнімен барша қазақстандықты құттықтаймын.

Егемендігімізді әйгілеп тұрған елорда да қысқа ғұмырында көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болып, жаһандық деңгейдегі қонақтарды қарсы алып, бейбітшілік алаңы ретінде де таныла білді. Астана алаңында дін де, саясат та, қайшылық та мәмілемен тынарына көз жеткіздік.

Бүгінгі «Астана күні» баршамызға, әрбір қазақстандықтың отбасына бақыт ұялатып, жақсылықтарға толтырсын! Бұл қаланың кереметін танып, тамсанып қайтқан әрбір азаматтардың арман-тілектері орындалсын. Астанамыз көркейіп, көк байрақтың, егемендігіміздың тұғыры болып мәңгі тұрсын!

Құрметпен, Басқарма Төрағасы-ректор
Сәуле Рахметуллина